1-мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. бүгінде ірбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық, ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтаустратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арасында мүмкін болуда.
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, 29-сәуір күні мектебімізде "Бір шаңырақ астында" атты мерекелік кеш өтті. Кешке 5-11 сынып оқушылары әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, сол елмен толығырақ таныстырып, бар өнері мен мәдениетін паш етті. Кеш жоғары деңгейде өтті.
Көп ұлтты қазақ елінің әрқашан да шаңырағы биік, керегесі кең, өзге елмен терезесі тең болуына тілектеспіз.
Просмотров: 397
Комментарии